су, тапшылық, құрғақшылық, егін,

Елімізде су тапшылығы болуы мүмкін

Бұл туралы 24.kz арнасының тілшісі мәлімдеді.

Елде суармалы сулардың 60% ғана егіс алқаптарына жетеді. Алдағы уақытта су тапшылығы болуы мүмкін. Оңтүстік алқаптарында ахуал тіпті қиын. Себебі суармалы алқаптардың 80% яғни 1,128 миллион гектар Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда обылыстарына тиесілі биыл мәселені реттеу үшін күріш алқаптарын қысқарту көзделіп отыр. Атап айтқанда, Алматы облысындағы Балқаш ауданындағы күріш алқаптары 1 миллион гектарға кеміді, ал Түркістан обылысында 600 гектар, Қызылорда облысында 78 мың гектарға азайды. Бұл аймақтарды сумен қамтамасыз етуде Шардара су қоймасы мен Шу және Талас өзендерінің бассейні маңызды рөл атқарады. Биыл Талас өзенінің бассейні арқылы 500 миллион Шу өзенінің бассейні арқылы 220 мың текше метр су беру көзделіп отыр.

Премер-министр суару мәселесін қалпына келтіруді сұрады. Серікқали Брекешовтың айтуынша, жалпы үш инвестициялық жоба іске асты. Оның нәтижесінде 333 мың суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етіліп жоба аясында жыл сайын 250 мың текше метр су үнемделмек.


Талқылау

Ұсыныстар
Маңғыстау облысына 200-ден астам мұғалім маманы жетіспейді
27маусым

Маңғыстау облысына 200-ден астам мұғалім маманы жетіспейді

17:37