Қазгидромет, су, тасқын, су басу,

Еліміздің үш өңірде тасқын қаупі жоғары

Қазгидромет алдағы күндері 3 өңірде өзен сулары күрт көтерілуі мүмкін деп болжайды.

Ақпанның 13-15 аралығында Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында жаңбыр мен жылбысқы қар аралас жаңбыр күтілуде. Сонымен қатар температуралық фон жоғарылап, қардың қарқынды еруі мен беткейлік ағын қалыптасуы да өзен суы көтерілуіне әсер етеді деп күтілуде. 

Бұл ретте судың жайылуы мен тасқын болуы ескертіледі, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар дүйсенбі күні 6 өңірде ауа сапасының нашарлайды. Бұл тізімде Шымкент, Астана, Теміртау, Атырау, Алматы, Қарағанды қалалары бар. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Дінмұхаммед Тансық


Талқылау