картина, нұр-сұлтан,

Елордалық суретші 5500 қолданылған пакеттен арт-нысан жасады

Нұр-Сұлтанда заманауи суретші Сәуле Сүлейменова қолданылған полиэтиленді пакеттерден өнер туындысын жасады, деп хабарлайды inforumburo.kz

Арт-нысанды жасауға Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары көмектескен. Қазақстан экологиялық ұйымдарының қауымдастығы бір күнде қаланың үш саябағында 4000-нан астам пакет жинады. 5х3 өлшемді сурет “Жетісу”саябағында орналасқан.

-         Бұл туынды адамдардың еңбегі туралы және дала қалаға айналған кезеңдегі елорданың бір ауданының көрінісі жайлы. Далада ғана көрінетін шексіз кең аспан туралы. Қазіргі қиын кезеңде аспанның беретін үміті туралы, - дейді суретші.

Суретші Сүлейменова әр түрлі реңктерді жеткізу үшін түрлі-түсті полиэтилен пакеттерді қолданған.

-         Мен суретті салмадым, боямадым да, тек пакеттерді түстері бойынша жинақтадым. Барлық түстерді осы пластикалық пакеттерден табуға болады, - деп түсіндірді Сүлейменова.

Суретші Сәуле Сүлейменованың айтуынша, ол әр тұрғынның үйінде "пакеттегі пакеттер" мәселесін шешу үшін полиэтилен пакеттермен жұмыс істей бастаған. Ол азаматтарды экологиялық мәселелер туралы ойлануға және пластикадан барынша бас тартуға шақырды.

Сурет:inforumburo.kz


Талқылау

Ұсыныстар
Қазақстанның бірқатар қаласында карантин шаралары күшейеді
27шілде

Қазақстанның бірқатар қаласында карантин шаралары күшейеді

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады. Аталған өңірлерде тәуліктік сырқаттанушылық 65%, тәуліктік өлім-жітім 55% құрады.

19:32