жәрдемақы, әлеуметтік төлем, Kaspi, Halyk Homebank, мобильді қосымша,

Енді бала туғанда берілетін жәрдемақыны мобильді қосымша арқылы алуға болады

Бұдан былай «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» және «Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау» секіллді мемлекеттік қызметтерді Kaspi және Halyk Homebank мобильді қосымшалары арқылы тағайындауға өтініш беруге болады.

Ол үшін:

- мемлекеттік қызмет көрсету бөліміне кіру;

- дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді растау;

- тиісті мемлекеттік қызметті таңдау;

- өтініш берілетін баланы таңдау;

- барлық деректерді тексеру және ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қою.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі пилоттық жобаны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және Әділет министрліктерінің бірлескен күшімен іске асырылғанын хабарлады.

«Өтінімді жібергеннен және оны мемлекеттік орган тарапынан қарағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға оны қарау нәтижесі және төлемдердің тағайындалған сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі. Қызметті бала туғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта ресімдеуге болады. Сервис iOS және Android пайдаланушылары үшін Kaspi мобильді қосымшасында және Android пайдаланушылары үшін Halyk Homebank мобильді қосымшасында қолжетімді, ол iOS-та жақын арада пайда болады», делінген хабарламада.


Талқылау

Ұсыныстар
Бұдан былай телефон арқылы ақша аударымдары үшін салық төлеу міндеттеледі
25қараша

Бұдан былай телефон арқылы ақша аударымдары үшін салық төлеу міндеттеледі

17:45
2022 жылы 6,7 млн қазақстандықтың табысы өседі. Зейнетақы қанша болады? Кімдердің айлығы көбейеді?
23қараша

2022 жылы 6,7 млн қазақстандықтың табысы өседі. Зейнетақы қанша болады? Кімдердің айлығы көбейеді?

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгеге артады. Былтыр бұл көрсеткіш 34 302 теңгені құраған еді. Айлық есептік көрсеткіш 2917 теңгеден 3 063 теңгеге өседі. Ал зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақылар 5 пайызға көбейеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

13:29