Facebook, Instagram, әлеуметтік желі, балалар, қауіпті, зиян,

Facebook балаларға зиян келтіреді және демократияны әлсіретеді

Аида Ермекбаева, Шымкент, H-News - Facebook-тің бұрынғы қызметкері Фрэнсис Хауген америкалық саясаткерлерге компанияның сайттары мен қосымшалары балалардың психикалық денсаулығына зиян келтіретінін және қоғамның бөлінуіне әсер ететінін айтты. Бұл жайлы BBC жаңалықтары хабарлайды.

37 жастағы бұрынғы өнім менеджері Фрэнсис Хауген Сенатта өткен тыңдауда компанияны қатты сынға алды. Facebook-ті бақылау әрі реттеу күшейтілуі тиіс. Ал негізін қалаушы Марк Цукерберг соңғы айыптаулар компанияның мақсаттарына қайшы келетінін айтты.

Компания бірнеше бағытта, оның ішінде қолданушылардың жеке өмірін қорғай алмауынан бастап, дезинформацияның таралуын тоқтату үшін жеткілікті әрекет етпеуіне дейін сынға алды. Хауген ханымның айтуынша, компания басшылығы Facebook пен Instagram-ды қалай қауіпсіз ету керектігін біледі, бірақ қажетті өзгерістерді жасамайды.

Цукерберг өз кезегінде қызметкерлерге жазған хатында көптеген шағымдардың «қисынсыз» екенін айтып, Facebook-тің зиянды контентпен күресу әрекетін көрсетті.


Талқылау

Ұсыныстар
Facebook атауын өзгертпек
20қазан

Facebook атауын өзгертпек

Келесі аптада Facebook атауын өзгертпек, деп хабарлайды Verge порталы.

18:07
Елімізде әлеуметтік желілердің жұмысын шектеуге қатысты түзетулерге қарсы петиция құрылды
30қыркүйек

Елімізде әлеуметтік желілердің жұмысын шектеуге қатысты түзетулерге қарсы петиция құрылды

15:34
Әлеуметтік желінің әлеуеті көп
12қазан

Әлеуметтік желінің әлеуеті көп

20:22