геннадий Головкин, бокс, рейтнг,

Геннадий Головкин орта салмақтағы суперчемпион атанды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша орта салмақтағы суперчемпион атанды.

Головкиннің бұл мәртебесі ұйымның сәуірде жаңартылған рейтингісінде берілді.

Еске сала кетсек 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) да өткен Головкин WBA Super және IBF титулдары үшін жекпе-жекте жапониялық Риота Муратаны (16-3, 13 КО) нокаутқа түсірген болатын.

Сондай-ақ, орта салмақтағы әлем чемпионы - кубалық Эрисланди Лара. Рейтингте ұлыбританиялық кіші Крис Юбенк көш бастап тұр, мексикалық Хайме Мунгия екінші, аргентиналық Серхио Мартинес үшінші орында.


Талқылау