
Редакция
Германияда алғаш рет қоқыстан үй салынды
Жансая Нурбекова, Алматы(H-news.kz) – Германияның Ганновер қаласында толығымен қоқыстан тұрғызылған үй салынды. Заманауи экологиялық үйдің құрылысына тұрмыстық, құрылыс және өндірістік қалдықтарды пайдаланған.
Ганновердің Кронсберг ауданында әйгілі көрме алаңдарының жанында орналасқан жалпы алаңы 150 шаршы метр болатын бір отбасылық коттедж толығымен дерлік қоқыстардан салынған. Тұрмыстық техника, арматура мен инженерлік коммуникацияларды есептемегенде, мұнда бәрі дерлік қымбат құрылыс материалдарының орнын толтырған және қайта өңделетін қалдықтардан жасалған.
Бұл Германияда осы уақытқа дейін мұндай үлгіде салынған жалғыз ғимарат. Gundlach құрылыс компаниясы мен cityförster сәулет фирмасы жүзеге асырған экологиялық пилоттық жобаның мақсаты – тұрмыстық қалдықтар мен құрылыс және өндіріс қалдықтарын қалай пайдалану керектігін көрсету. Осылайша құрылыс компанияларын табиғатты ластаудан құтқаруға қосатын үлестерін арттыруға ынталандыру болып табылады. Сонымен қатар, Германиядағы қалдықтардың ең көп мөлшері - құрылыс индустриясында. Басқасын айтпағанда, көмірқышқыл газы шығарындыларының 40% елге тиесілі.