геннадий головкин, Канело, бокс,

Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі өтетін орны белгілі болды

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетіні белгілі болды.

Бұл ақпарат туралы бокс кешін өткізуге жауапты Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы ресми мәлімдеді.

Айта кетейік, екі боксшы арасындағы үшінші жекпе-жек 17-қыркүйекке жоспарланған. Осыған дейінгі екі кездесу де дәл сол аренада өткенін айта кеткен жөн. Алғашқы жекпе-жек тең аяқталып екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалық боксшыға берген еді.  

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының ұйымдастырушыларының айтуынша  билеттер 24 маусымда алдын ала сатылатынын, ал 27 маусымнан бастап жалпы сатылымға шықпақ. Ең арзан билеттің құны 305 доллар болады.


Талқылау