Хабиб Нурмагомедов, Джастин Гэтжи, UFC, жекпе-жек,

Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжи 24 қазанда жұдырықтасады

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов 24 қазанда уақытша чемпион Джастин Гэтжимен кездеседі.

Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт мәлімдеді. Бұған дейін жекпе-жек Абу-Дабидегі «Fight Island» UFC 254 алаңында өтеді деп хабарланған болатын.

Хабиб-Гэтжи жекпе-жегі 19 қыркүйекте UFC 253-те жоспарланған еді. Бірақ ресейлік спортшының әкесі, әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедовтың қайтыс болуына байланысты кейінге шегерілді.


Талқылау