хэллоуйн, мереке,

Хэллоуйн мерекесі қайдан шықты?

Хэллоуйн мерекесінің тарихы осыдан 2000 жыл бұрын, қазіргі Англия, Ирландия, Уэльс, Шотландия және Солтүстік Францияда кельт тайпалары өмір сүрген кезде басталды. 31 қазан күні кешке және 1 қараша күні, күні бойы олар қайтыс болған адамдардың рухы қайта оралады деп, өлгендердің құдайына құрмет көрсетті.

Сонымен қатар кельттер күн құдайына табынған. Күн олардың жақсы одақтасы болуы және келесі жылы мол өнімнің өсіп шығуына, қыс пен қараңғы күштерге қарсы күресін нығайту үшін, кельттер үлкен от жағып табынды. Кельттер үшін мезгілдің екі түрі болды. Бірі қыс болса, екіншісі жаз. 1 қараша олар үшін жаңа жылдың басы болды және күн құдайына арнап құрбандықтар шалынды.

Шамаммен сол уақытты 1 қараша күнінде ежелгі римде Құнарлылық құдайы Помонаның құрметіне мерекелік шаралар өтті. Ол қолында жеміс-жидек, басында алмадан жасалған әдемі тәжі бар қыз бейнеленген.

Римдіктер сол уақытта әртүрлі ойындар мен ат жарыстарын ұйымдастырды, биледі, жемістер мен жаңғақтарды жомарттық бейнесінде үлестірді. Айта кетсек Римдіктер Франция жеріндегі кельт тайпаларын жаулап алғанда, олар өздерімен әдет ғұрыптармен ала келген. Осылайша, Помана фестивалі мен кельттердің дәстүрлері араласып, нәтижесінде қарашада тойланатын күз мерекесі пайда болды.

Орта ғасырларда “барлық әулиелер күні” 1 қараша күні болып белгіленді. Бұл күні жыл бойы ерекше күндерін өткізбеген “әулиелер күні” немесе “барлық қасиеттілер күні” деп аталды. Бірақ шіркеу қызметкерлері бұл мерекенің тойлануына қарсы болса да, олар жалғасын таба берді. Көп елдердегі адамдар барлық әулиелер кешін тойлауды әлі күнге дейін жалғастыруда. Ол “All Hallows Even” деген атпен белгілі, алайда бірте бірте “Хэллоуйн” деп қысқартылды. Сонымен қатар әулиелер күні қарсаңында зұлым күштер, яғни бақсылар, сиқыршылар, гоблиндер, жындар мен шайтар қандай да бір зиян келтіру үшін жиналалы деп сенді. Әр елде зұлым рухтарды жинайтын белгілі бір орын болды- Франциядағы Арден орманы, Германиядағы Броккен тауы, Швециядағы Блоксберг. Ал, Англияда әрбір қираған аббаттың, ескі шіркеудің немесе ескерткіштің қирандыларылары үшін жиналатын орын бола бастады.

Бұл жайлы дін мен дәстүріміз не дейді екен?

Осы бір сәтте Бердібек Соқпақбаевтың сөзі ойға келеді «Өлгендер қайтіп келмейді». Расында да құран кәрімде «Әрбір жан иесі өлім дәмін татады» деген аят бар.

Дінімізде де, салт-дәстүрімізде де мұндай сорақылық жоқ. Мен мұсылманымын деген әрбір жан Аллаға ғана мойынсұнып, беретін де, алатында да бір Алла деп біледі. Ендеше, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын бұл мерекеде біздің дінімізбен дәстүріміздің не жоғалтқаны бар? Бәлкім, жастарымыз мұны жай көңіл күй көтеру үшін деп есептеуі мүмкін. Ал мұның астарында Аллаға серік қосу, ислам дініне жат әрекет жасап жатқаннан бейхабар болар? Алла Тағала өзінен басқаға серік қосқандардың мекені тозақ деген.

Жанару Тұрсынбек


Талқылау