экология, пластика, индонезия, ластану, бөтелке,

Индонезиялық белсенділер пластикалық қалдықтардың 10 000 данасынан мұражай салды

Аида Ермекбаева, Шымкент, H-News - Пластикалық ластанудан қорқатын Индонезия белсенділері адамдарды қалдықтарды қайта қолдануға шақырады. Нәтижесінде олар 10 мыңнан астам қоқысқа тасталған бөтелкелерден, сөмкелерден, сабаннан және бір реттік азық-түлік қаптамасынан мұражай салды, деп хабарлайды The Washington Post.

Индонезияда жылына 8 миллион метрикалық тонна пластикалық қалдықтар мұхиттарға құйылады. Бұл көрсеткішпен ол әлемнің ластанушы жетекші елдерінің қатарына кіріп отыр. Ал бұл мәселеге немқұрайлы қарамайтын Индонезияның экологиялық бақылау және сулы-батпақты жерлерді қорғау тобының белсенділері «Теровонган 4444» немесе «4444 туннель» деп аталатын экспозицияны жасады. Оған 3 ай қажет болды.

Топтың негізін қалаушы Приджи Арисанди Reuters агенттігіне берген сұхбатында көрменің ластаудың бірден-бір себепшісі болып табылатын адамдарға ой салатынын айтты.


Талқылау

Ұсыныстар
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: "Климаттың өзгеруі - денсаулыққа үлкен қауіп"
13қазан

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: "Климаттың өзгеруі - денсаулыққа үлкен қауіп"

Аида Ермекбаева, Шымкент, H-News - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шығарған жаңа баяндамада климаттың өзгеруі "адамзаттың денсаулығына зиян келтіретін бірден-бір үлкен қауіп" екендігі айтылды, деп хабарлайды Halyqnews.

14:24