итбалық, маңғыстау,

Итбалықтарды таяқпен ұрғандар жазаланбайтын болды

Маңғыстауда итбалықты таяқпен ұрғандарға қатысты тергеу іс құрамының толық болмауына байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды «Лада» Ақтау қаласының жаңалықтар порталы.

Итбалықтарды таяқпен ұру бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

Айыпталуышылардың айғақтарына сәйкес олар қауіпсіздік мақсатында итбалықтарды қуып жібермекші болған. Олардың айтуынша,  желіде жарияланған видеоны көпшілігі дұрыс түсінбегенін айтты. Ешқайсысы итбалықты ұрмапты және итбалықтар аман қалып, теңізге жүзіп кеткен.

Еске сала кетсек, осы жылдың шілде айында Маңғыстауда итбалықты таяқпен ұрып жатқандардың видеосы интернетте жарияланды. Олардың жеке басын анықтау және оларды жауапкершілікке тарту үшін Маңғыстау облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы полиция бөліміне хат жолданды. Кейіннен полиция итбалықты ұруға қатысқандардың барлығын анықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, «жабайылық» деп атады.


Талқылау