ұйқы, денсаулық, зерттеу,

Ұйқының денсаулық үшін маңыздылығы туралы ТОП-3 факт

Ұйқы - мидың үйлесімді жұмысының көрінісі. Дұрыс ұйқы арқылы ағза өзінің жұмыс істеу қызметін арттырып, күш жинайды. Салауатты ұйқы адамға физиологиялық тұрғыдан қажет және физикалық, психикалық денсаулықтың маңызды шарты болып табылады. Адам өз өмірінің шамамен үштен бірін ұйқыда өткізеді, сондықтан біздің өміріміздің бұл бөлігіне жіті назар аударған жөн. Ұйқының сау және дұрыс болуын қамтамасыз ету үшін мұқият болу керек. Біздің оянуымыздың сапасы ұйқының сапасына байланысты, яғни түнде денеміздің қалай демалатыны оның күндізгі жұмысына байланысты. Дұрыс ұйқы - бұл жақсы көңіл-күйдің, әл-ауқаттың және біздің сұлулығымыздың көзі болып табылады.

1.Барлығымызға белгілі 8 сағаттық ұйқы режимі

Күніне сегіз сағат ұйықтау керек дегенді жиі естиміз. Бұл туралы британдық NHS-тен бастап Американың Ұлттық Ұйқы Қорына дейін бүкіл әлем бойынша ұлттық денсаулық сақтау ұйымдары кеңес береді. Бірақ бұл кеңес шынымен қайдан келді?

Аурулардың әртүрлі популяцияларға қаншалықты жиі әсер ететінін анықтау үшін әртүрлі елдерде жүргізілген зерттеулер бір қорытындыға келеді: ұйқының жетіспеушілігінен зардап шегетін адамдар, мысалы, тым көп ұйықтайтындар, көптеген ауруларға бейім және орта есеппен алғанда қысқа өмір сүреді. Дегенмен, ұйқының бұзылуы аурулардың себебі ме, әлде керісінше - дұрыс емес өмір салтының симптомы ма? Айту қиын. «Тым қысқа ұйықтау» әдетте алты сағаттан аз, «тым көп ұйықтау» тоғыз-он сағаттан артық дегенді білдіреді.

Медициналық зерттеулерге сүйенетін болсақ жаңа туған сәбилердің ұйықтау уақыты 14-17 сағатты құраса, жасөспірімдер үшін 9-11 сағат ал ересектер үшін тәулігіне 7-8 сағаттан артық ұйқы ағзаның дұрыс жұмысын баяулатады.

2.Ұйқыңыз жеткіліксіз болған кезде денеңізге не болады?

Ұйқының жеткілікті деңгейде болмауы көптеген ауруларға әкелуі мүмкін.

Бес миллионнан астам адам қатысқан 153 зерттеудің нәтижесінде ұйқының жетіспеушілігі қант диабеті, жоғары қан қысымы, жүрек-қан тамырлары аурулары, ишемиялық ауру және семіздік сияқты түрлі ауруларды туғызған. Зерттеулер бірнеше түн қатарынан ұйқының болмауы сау адамды диабетке дейінгі жағдайға әкелетінін көрсетті. Ұйқының қалыпты болмауы дененің қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді. Ұйқының болмауы вакциналардың тиімділігін төмендетеді, сонымен қатар иммунитетке жойқын әсер етіп, адамдардың денесі инфекцияларға осал болып қалады. Бір зерттеуде жеті сағаттан аз ұйықтаған қатысушылардың жеті немесе одан көп сағат ұйықтағандарға қарағанда суық тию қаупі үш есе жоғары болғандығы анықталған.

3.Дұрыс ұйқы сұлулықтың белгісі

Швед ғалымдары жеткілікті ұйықтау денсаулыққа ғана емес, сыртқы келбетке де пайдалы екенін анықтады, өйткені ұйқысы қанбағандар басқаларға соншалықты тартымды болып көрінбейді, ал адамдар санасыз түрде олармен араласудан аулақ болады. 

Экспериментке екі жыныстағы 25 студент қатысты.

Алғашында екі түн қатарынан жақсы ұйықтау керектігі айтылды. Бір аптадан кейін оларға екі күн бойы түнде төрт сағаттан артық ұйықтамау тапсырылған. Келесі күні таңертең зерттеушілер еріктілерді суретке түсірген. Содан кейін ғалымдар бұл фотосуреттерді студенттерді танымайтын Стокгольмдегі 122 адамға көрсетіп, олардан адамдарды қаншалықты тартымды деп тапқанын, олардың дені сау екенін және оларға сенуге болатынын бағалауды сұрады. Сондай-ақ олардан «Осы суреттегі адаммен кездескіңіз келе ме?» деп сұраған. Әңгімелесушілер күтпеген жерден еріктілердің қайсысы шаршағанын және қайсысы ұйықтағысы келетінін оңай анықтаған. Сонымен қатар, студенттер фотосуреттерге неғұрлым шаршаған сайын, сырттан қарағанда олардың тартымдылығы аз болып көрінетіні анықталды. Сауалнамаға қатысушылар ұйқысы қашатын адамдармен кездескісі келетініне күмәнданды. Сондай-ақ, респонденттер фотосуреттердегі адамдардың сау екеніне күмәнданған.

Гүлім Муратали


Талқылау