картоп, ауылшаруашылығы, баға, қымбатшылық, азық-түлік,

Картоп бағасының күрт қымбаттауының себебі неде?

Қазіргі таңда азық-түлік бағасының шарықтауы ауыл шаруашылығы саласының ең өзекті мәселелерінің бірі. Кей өңірлерде бір келі картоптың бағасы 430 теңгені құрайды.

Осы мәселеге қатысты сауалдарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров халық алдында есеп беру кездесуінің қорытынды брифингінде жауап берді. Министрдің айтуынша картоп өнімі жеткілікті түрде өндіріліп жатыр. Тиісті деңгейден көп өндіру ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін ертеңгі күні үлкен қиындық тудырады. Нәтижесінде тіпті өнімді өзіндік құнына да сата алмауы мүмкін. Мұндай тәжірибелер өткен жылдары болған.

«Өнімнің бағасына келсек, өндірушілер өз қоймаларынан картоптың құнын  200 теңгеден шығарып жатыр. Қалған 200 теңге делдалдардың немесе азық-түлік дүкендерінің қосқан соммасы. Бұл жағдайды реттеу үшін Сауда министрлігімен тауарларды тарату орталықтарының құрылысы жөнінде бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселені қысқа мерзімде шешу үшін әр аймақта орналасқан тұрақтандыру қорлары арқылы бағаны қалыпта ұстап отыратын боламыз», -  деп мәлімдеді Сапархан Омаров.


Талқылау