kaspikz, ақау,

Kaspi.kz-тегі ақау: Банк ресми түсініктеме берді

«Өкінішке қарай, Kaspi.kz-те техникалық ақаулар орын алды. Карта арқылы төлем жасау, банкоматтардан ақша шығару және толтыру, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдары уақытша қолжетімсіз. Біз мүмкіндігінше тезірек бәрін түзету үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деп атап өтті банкте.

Банктергілер мессенджерлерде тарап жатқан 73 миллиондық кибершабуылға қатысты ақпаратқа фейк деп баға берді.

Еске сала кетейік, 28 қазанда Kaspi.kz операцияларында техникалық ақаулар орын алые, банк клиенттеріне ақша шешіп, аудару қызметтері қолжетімсіз болған еді.  Банк өкілдері мәселені тезірек жоюға уәде берді. Мобильдік қосымша хабарламасында олқылықтар сағат 10.00-ге дейін шешіледі деп жазылған болатын.


Талқылау