жаһандық жылыну, климат, экология,

Климаттың қызуынан Солтүстік Мұзды мұхитта енді қардың орнына жаңбыр жаумақ

Аида Ермекбаева, Шымкент, H-News - Климаттық дағдарыс планетаның солтүстік мұз қабатын қыздырып жатқандықтан, жаңбыр Арктикадағы ең көп таралатын құбылыс болмақ, деп хабарлайды HalyqNews Nature Communications журналында жарияланған зерттеулерге сілтеме жасап.

Бұдан бөлек Science Advances журналында жарияланған зерттеулерге сәйкес Атлант мұхитынан келетін жылы ағынның әсерінен Мұзды мұхит салыстырмалы түрде әлдеқайда ұзақ уақытқа жылынып жатыр. Арктика суының температурасының көтерілуі жайлы тұжырымдарды зерттеудің авторы алаңдатарлық дейді. Себебі бұл құбылыстың соңы Еуропадағы суық қыс, муссондардың өзгеруі мен Батыс Африкадағы ықтимал тұрақты құрғақшылыққа, сонымен қатар теңіз мұзының еруіне және  теңіз экожүйесінің бұзылуына алып келеді. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттық дағдарыс туралы соңғы ғылыми есебінде, адамдар қазба отындарын жағуды және атмосфераға парниктік газдарды шығаруды жалғастырған сайын да, Арктика планетаның қалған бөліктеріне қарағанда тезірек жылынуын жалғастырмақ екен. Осы орайда зерттеушілер бұл мәселе жайлы өз алаңдарын жасырмады.


Талқылау