Netflix, кальмар ойыны, фильм, кино, сериял, Корея,

Кореялық дорама "Кальмар ойыны" Netflix мәліметтері бойынша 90 елде бірінші орынға шықты

Аида Ермекбаева, Шымкент, H-News - Әлемді дүрліктірген сериал қазіргі уақытта Netflix-тің ең көп қаралған топтамасына айналуда, деп хабарлайды bbc.com жаңалықтары. "Кальмар ойыны" Ұлыбританияның алғашқы ондығының тізімінде, ал көрермендердің 95% Кореядан тыс делінген.

Лондон корольдік колледжінің докторы Хи-Кюн Лидің айтуынша, жалпы корей драмаларындағы кейіпкерлер география мен тіл айырмашылығына қарамастан халықаралық деңгейде қарым-қатынас жасай алады. Ол мұндай драмалар немесе фильмдер қызықты және олардың жаһандық әсер ететін бірегей ерекшелігі бар дейді.

"Драмада адамдар кейіпкерлер арқылы байланыстыра алатын қоғам мен әлеуметтік экономикалық жағдай сынға алынады. Технология мен талант тұрғысынан корей халқы озық болып табылады және жоғары сапалы өнім шығаруға қабілетті",- деп қайырды Ли.


Талқылау