COVID-19, қант диабеті,

Коронавирус кезінде өлім қаупін 12 есе арттыратын ауру анықталды

Қант диабеті COVID-19-дан қайтыс болу қаупін 12 есеге арттыруы мүмкін. Бұл АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын-алу орталықтарына сілтеме жасай отырып MedicalXpress хабарлады.

Пандемияның бірнеше айында жиналған статистика қант диабеті жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейінгі COVID-19 кезіндегі асқынулардың ауырлығы бойынша екінші орында тұрғанын көрсетті.

Сан Францискодағы Калифорния университетінің ғалымы Пракаш Дидванья диабеттің бүйрек аурулары, инсульт, миокард инфаркты, ампутацияға дейін жететін аяқ иннервациясының бұзылуы, сонымен бірге көрудің нашарлауы сияқты асқынула тән екенін еске сарлды. Зерттеушінің айтуынша, ең күрделі асқынуды иммундық жүйенің төмендеуі.

Өз кезегінде Колумбус штатындағы Огайо мемлекеттік университетінің Векснер медициналық орталығының Эндокринология, диабет және метаболизм бөлімінен доктор Джошуа Джозеф қандағы қант деңгейі жоғары емделушілерге дәрігерлермен және әлеуметтік қызметкерлермен үнемі байланыста болу қажеттілігі туралы айтты.

Сондай-ақ, дәрігер бұл мәселеде телемедицина көмектесе алады деген пікір білдірді: пациенттер қант деңгейі және басқа да көрсеткіштер туралы мәліметтерді бере алады, соның негізінде дәрігерлер науқасты алдын ала коронавирусты жұқтырғандардан оқшаулап, стационарға шақыру қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.


Талқылау