мәйіт, коронавирус,

Коронавирустан қайтыс болғандардың мәйіттері туыстарына берілмейді

ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус жағдайына қатысты жаңа қаулыны мәлімдеді. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты қаулыда коронавирустан қайтыс болған мәйіттер туралы хабарлады.

- Коронавирустық инфекциядан қайтыс болған адамдардың мәйіті ашылуға, туған туыстарына жерлеуге берілмейді. Ең жақын туыстары мен бір дін қызметшісінің қатысуымен мәйітпен 30 минуттан аспайтын уақыт қоштасуға рұқсат етіледі. Қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып, санитарлық эпидемиологиялық қызметкерлері міндетті бақылау жасау кезінде және жергілікті органдардың қатысуымен жүргізіледі,-деді бас санитарлық Айжан Есмағамбетова

Қазіргі жағдай бойынша елімізде Қостанай облысынан басқа өңірлерде коронавирус тіркелді. Жалпы саны 369-ға жетті. Коронавирустан 24 адам айығып, 3 азамат көз жұмды.


Талқылау

Ұсыныстар
Вакциналау мен ПТР растау талабы жойылады
8маусым

Вакциналау мен ПТР растау талабы жойылады

11:57