
Редакция
17:07
Әл-Фараби ауданында 9 көше жарықтандырылмақ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде қаланы жарықтандыру бойынша жұмыс жоспарларын баяндады. Қала басшысының айтуынша 2021 жылы көшелерді жарықтандыру көрсеткіші 43,4%-ды құрады. Биыл да осы бағытта арнайы жұмыстар атқарылатын болады.
Әл-Фараби ауданында өткен жылы 8 көшеге жарық берілді. Атап айтар болсақ, “Жабай ата”, “Тәжібаев”, “Дәулетұлы”, “Тәжібай ата”, “Ақжелкен”, “Жұлдыз”, “Орманов” көшелері жарықтандырылды.
Ал, осы жылы ауданда 9 көшеге жарық берілмек. Қала әкімі 2024 жылы жарықтандыру жоспары толық орындалатынын мәлімдеді.