COVID-19, коронавирус, індет, дәрігерлер, медицина қызметкері, қайтыс болу,

Әлемде жүз мыңнан астам дәрігер коронавирустан қайтыс болған

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазан айындағы есебіне сәйкес, әлемде кем дегенде 115 мың медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен қатар ДДСҰ мәліметінде 2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың мамыр аралығында 80-нен 180 мыңға дейін дәрігер коронавирустан қайтыс болуы мүмкін. Демек, қазіргі уақытта орташа есеппен бұл көрсеткіш 115 500-нан асады деп айтылған.

Осыған орай, Мәскеу қаласында CОVID -19 вирусымен күрескен дәрігерлерге арналған монумент ашылды.

Айта кету керек, Ресейде коронавирустан қанша дәрігер қайтыс болғаны туралы ресми деректер жоқ. Тек былтыр қыркүйек айында РФ Денсаулық сақтау министрлігі 258 дәрігердің ковид індетінен қайтыс болғанын хабарлаған.


Талқылау

Ұсыныстар
Вакциналау мен ПТР растау талабы жойылады
8маусым

Вакциналау мен ПТР растау талабы жойылады

11:57
Неге әскердегі өлім-жітім көбейіп кетті?
14маусым

Неге әскердегі өлім-жітім көбейіп кетті?

Көпшілікті толғандырған бұл сұраққа халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев “Желмая” жобасында өз ойын білдірді.

18:34