әлем, жаңалық, иран, хиджап, наразаылық, моңғолия, екібастұз, индонезия, жаңа заң, Катар, қызылорда, күріш,

Әлемдегі және еліміздегі жаңалықтарға шолу

Катардағы әлем чемпионатында Испания мен Марокко құрамалары кездесті. Кездесу барысында екі команда бір-біріне гол сала алмағанымен, пенальти тебуден Марокконың жолы болды. Марокко биыл әлем чемпионатына алтыншы рет қатысып отыр. Ал жалпы Испания мен Марокко құрамалары бірінші рет кездесіп жатқан жоқ. Бұған дейінгі ойындарының бірінде есеп бойынша тең болса. Қалған екеуінде Испания құрамасы жеңіске жеткен.

Моңғолиядағы көмір ұрлығы бойынша мемлекеттік конгресс қоғамдық тыңдау өткізеді. Және тыңдаудан жаппай наразылық тудырған бұл оқиғаға қатысы бар шенеуніктердің аты-жөні мәлім болады. Сондай ақ осы тектес мәселелер қайталанбас үшін заң нормалары бойынша бақылауға алынып, мәселелер кешенді түрде шешіледі.

Жедел штаб басшысы - Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз тұрғындарына шыдамдылығы үшін алғыс айта отырып үйлерге  жылу берілетіні жайында хабарлады. Сонымен қатар жөндеу жұмыстары аяқталмайынша төтенше жағдай өз күшінде болады.

Қызылордада күріш бағасы 31%-ға қымбаттады. Соңғы үш жылда су тапшылығы себебінен шаруаларға шығын келген. Үш ай бұрын 200-300 теңге болған бір келі күріш енді 400 теңге болады. Дегенмен биылдыққа өнім тапшылығының болмайтынын мәлімдеді мамандар. Айта кетейік бір жылда шамамен 10-15 мың тонна күріш сырттан әкелінеді. Ал 12 мемлекетке жылына 50-60 мың тонна күріш жіберіледі.

Иран наразылық шаралары бойынша енді орамал тақпаған әйелдердің банк шоттары бұғатталуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Индонезияда жаңа заң қабылданды. Енді Индонезияда үйленбей бірге тұруға тыйым салынады. Және бұл заң ел азаматтары мен шетелдіктерге де қатысты. Сондай-ақ дінге алты заң енгізілді. Нақтырақ айтсақ енді діннен бас тартуға тыйым салынады. Сондай ақ президентті балағаттауға, ұлттық идеологияға теріс пікір айтуға да тыйым салынды.

Әсел Абдикер


Талқылау