метеорит, ливан, өрт,

Ливанда метеорит құлап, ірі өртке ұласты

8 қараша күні Ливанның Аккар провинциясының Әл-Талил елді мекенінің маңында метеорит құлады. Ливанның NNА ұлттық агенттігінің мәліметінше, плантацияға аспан денесі құлап, соның салдарынан ірі өрт шыққан.

Астрофизик Сирина Нехменің айтуынша, оқиға Леонида метеор ағынына байланысты болуы мүмкін. Ол Жердің атмосферасына секундына 71 км жылдамдықпен ұшатын метеориттермен сипатталады. Бұл жағдайда қарқындылық жылдан-жылға өзгеруі мүмкін,-деп хабарлайды Libnanews басылымы.


Талқылау