ЛРТ, нұр-сұлтан, сот, жемқорлық,

LRT қаржысын жымқырғандар сотталды

Айыптылар бюджеттен 5,8 млрд теңгені орынсыз пайдаланған. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Ақша жымқырды деген айыппен 7 адам тергелді. Прокурор әрқайсысына 7-10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Нәтижесінде сот үкімімен Елорданың бұрынғы Транспорт және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рашид Аманжолов 10 жылға, Нұр-Сұлтан қаласының бұрынғы депутаты және мәслихат хатшысы Жанат Нүрпеисов 10 жылға, АО «Astana Innovations» бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Әшім 7 жылға, «Астана LRT» компаниясымен бірігіп қызмет жасаған мекеме қызметкері Ұлықбек Ачилов 8 жылға, сондай-ақ Даурен Абдыхамитов 8 жылға, Тимур Қасабаев 8 жылға, Дулат Мусенов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

 


Талқылау