ұлыбритания, әскер, қарулы күш, инвестиция,

Ұлыбритания өз қарулы күшіне 5 млрд фунт инвестиция салмақшы

Ұлыбритания мемлекетаралық келіспеушіліктерге сақадай сай болу мақсатында қару-жарақ материалдарын 5 млрд фунтпен қаржыландырды. Бұл туралы премьер-министр Риши Сунак хабарлады. “Қарулы күштерімізге инвестиция салу арқылы біз бүгінгі және ертеңгі сын-қатерлерге дайындығымызды қамтамасыз етеміз”-деді Р.Сунак. Сондай-ақ 5 млрд фунттың 1,9 млрд фунты Украинаға көмек ретінде берілген қару-жарақ орнын толтырады. Ал 3 млрд фунтты AUKUS-ты қолдау және суасты қайықтарының құрылысы мен қызмет көрсетуіне арналған инфрақұрылымды жақсартуға жұмсамақшы. Бұл мәселелерді Ұлыбритания премьер-министр Риши Сунак Калифорнияда АҚШ президенті Джо Байден және Австралия премьер-министрі Энтони Албанеспен кездесу алдында мәлім етті.

Айта кетейік, енді Австралия ядролық суасты қайықтарын басқаратын АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Үндістан және Ресейден кейінгі әлемдегі жетінші ел болмақ.

Әсел Абдикер


Талқылау