ұлттық құрылтай, ұлытау,

Ұлытауда Қ.Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы басталды

ҚР Президенті жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы басталды. Сонымен қатар, бүгін Президент жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келген болатын. Ал кеше Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай құру туралы жарлығы жарияланды. Ұлттық құрылтайдың қазіргі құрамында 117 адам бар яғни өңірлердегі қоғамдық кеңестердің әрқайсынан бір өкіл, сонымен бірге саяси партиялар, бизнес, медицина, білім, ғылым, мәдениет, спорт, адам құқығы мен өзге әлеуметтік топтардың ірі бірлестіктерінен өкілдер енген.

Ұлттық құрылтайдың мақсаты "жалпыұлттық құндылықтарға негізделген қоғамның бірігуін одан ары дамытуға бағытталған ұзақмерзімді сипаты бар мәселелерді талқылайтын" алаң болмақ. Ұлттық құрылтайдың отырыстарына тек оның мүшелері қатысады.

Сондай-ақ Тоқаев ұлттық құрылтай туралы алғаш рет наурызда Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеген болатын.


Талқылау