Таулы Қарабах, соғыс, экология, мәйіт,

Мәйіттердің салдарынан Қарабақта экологиялық апат қаупі бар – Ереван

Таулы Қарабақтағы ұрыс кезінде адамдардың қаза болуынан аталған аймаққа гуманитарлық және экологиялық апат қауіп төндіріп тұр. Бұл туралы Армения Қоршаған ортаны қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында айтылды.

Министрліктің хабарлауынша, ұрыс даласындағы мәйіттерге қатысты жағдай бақылаудан шығып барады. Соғыс аумағындағы бейнекамералар жануарлардың адамдардың мәйіттерін жеп жатқанын түсіргені нақтыланды.

Министрлік су қоймаларының жанынан мәйіттердің табылуы қоршаған ортаға зиян келтірумен қатар, адам денсаулығына ауыр зардап әкелуі мүмкін екенін баса айтты.

Экологиялық және гуманитарлық апаттардың дамуы жұқпалы аурулардың және қауіпті ауру қоздырғыштардың жануарлар арқылы таралуына және су объектілерінің ластануына әкелуі мүмкін.

Еске салайық, жаңа гуманитарлық келісім 18 қазанда күшіне енді.  Степанакерттегі алғашқы түн жайбарақат өтті. Алайда, Армения да, Әзірбайжан да бір-бірін атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады.


Талқылау

Ұсыныстар
Климат өзгерісімен күрес рейтингінде 61 елдің ішінде Қазақстан 54-орында
7қараша

Климат өзгерісімен күрес рейтингінде 61 елдің ішінде Қазақстан 54-орында

Қазақстанның климат өзгерісімен күрес индексі 33,39-ды құрады, - деп жазады Energyprom.

14:51
Экологиялық сауатты арттыратын отандық 4 мобильді қосымша
25қараша

Экологиялық сауатты арттыратын отандық 4 мобильді қосымша

Қоқыс сұрыптау, қалдықтарды қабылдайтын пунктер, ауа сапасын бақылау, құқық бұзушылық туралы мәлімдеу және экология туралы соңғы жаңалықтарды мобильді қосымшалар арқылы білуге болады.

15:02
Қостанай облысы әкімі: Үкіметтен ағаш отырғызу тапсырылды
26қараша

Қостанай облысы әкімі: Үкіметтен ағаш отырғызу тапсырылды

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Мұхамбетов Архимед баспасөз конференциясында мәлімдеді.

19:16