МӘМС: 65% Шымкенттік тегін медициналық көмек алады

МӘМС: 65% Шымкенттік тегін медициналық көмек алады

Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев мәлімдеді, деп хабарлайды h-news.kz тілшісі.

 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Осыған орай, министрліктен Шымкент қаласына арнайы маман тексеру жүргізіп, оң бағасын берді.

- Медициналық сақтандырудың бағасы барлығына бірдей. 2975 теңге. Алайда, әлеуметтік жағдайы төмен 15 санаттың ішіне кіретін тұрғындарға мемлекет өтеп береді. Қазіргі таңда мұндай адамдардың саны қаланың 65 пайызын құрайды,-деді А.Байдувалиев.    

Айта кетейік, Шымкен қаласы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі  бойынша қызмет көрсетуге 105 мекеме тіркелді. Оның 33-і мемлекеттік, 72-і жекеменшік.  

 


Талқылау