
Редакция
13:01
Мұрат Әйтенов қала тұрғындарын бетпе-бет қабылдап жатыр
Бүгін Шымкент қаласының басшысы Мұрат Әйтенов тұрғындардың мұң-мұқтаж, арыз-шағым, ұсыныстарын тыңдау үшін бетпе-бет кездесу өткізіп жатыр деп, хабарлайды HalyqNews.
Қабылдау Түркістан сарайында өтіп жатыр. Оған қала басшысынан бөлек орынбасарлары, басқарма басшылары мен тиісті сала мамандары да қатысуда. Келген тұрғындардың ішінде көп балалы аналар, қариялар да бар.
Айта кету керек, қабылдауда тек арыз-шағым тыңдалып қоймай, тиісті мамандар заңдық, кәсіптік және өзге де салаларға қатысты кеңестер беруде.