экология, Мағзұм Мырзағалиев, пандемия,

Мағзұм Мырзағалиев: Пандемия елдің экомәдениетінің төмендігін байқатты

Алдағы уақытта мектептер мен балабақшаларда елдің экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында экологиялық сағаттар өткізілетін болады. Бұл туралы бүгін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

«Пандемия ішкі туризмге сұраныс деңгейімен қатар, елдің экомәдениетінің төмендігін көрсетті. Бізде табиғи ерекше аймақтар көп. Мұнда туристер келгеннен соң, қоқыс жиналады. Әрине, бұл табиғатқа зиян келтірмей қоймайды. Оның үстіне соңғы уақытта елдімекендерде ағаштарды заңсыз кесу фактілері орын алды».

Сондай-ақ, министр «Қызыл кітапқа» енгізілген ағашты зақымдағаны үшін 30 есе компенсация, жеке кәсіпкерлік аймағында орналасқан жасыл-желекті жою үшін 10 есе компенсация өтеу нормасы енгізілгенін айтты. Мұнан бөлек ол жануарларды қорғауға қатысты жаңа заңнама әзірленіп, қазіргі уақытта парламентке жіберлігенін атап өтті.

Мырзағалиевтің сөзінше, қазіргі уақытта экотуризмді қолға алу үлкен маңызға ие және Қазақстанның бұл бағытта әлеуеті жоғары.

«Біз халықаралық тәжірбиені есепке ала отырып, негізгі назарымызды маршруттар мен заманауи жабдықтауға арнаймыз.  Экологиялық туризмді дамыту – жаңа жұмыс орындарымен қамтуға, туристерге қауіпсіз жағдай жасауға әкеледі».


Талқылау

Ұсыныстар
Венгерлік ғалымдар пластикті ыдыратушы бактерия ойлап тапты
11қаңтар

Венгерлік ғалымдар пластикті ыдыратушы бактерия ойлап тапты

14:31