
Редакция
Марадона не үшін қабіріне жүрексіз жерленді?
Атақты футболшы Диего Армандо Марадона қабіріне денесіндегі жүрексіз жерленді. Бұл туралы жазушы дәрігер Нельсон Кастро мәлімдеді.
Нельсон Кастроның айтуынша, Марадонна соңғы рет өнер көрсеткен командасы Химнасия Ла Плата клубының радикалды футбол фанаттары Диего жерленгеннен кейін оның жүрегін алмақ болған. Бұны алдын ала білген дәрігерлер жүректі алып қалған. Бұдан бөлек дәрігерлерге аңыз футболшының қалай қайтыс болғанын зерттегісі келіпті. Өйткені, Марадонаның жүрегі басқа адамдардыкіне қарағанда өзгеше болған. Мәселен, оның жүрегінің салмағы 500 грамм. Бұл өзге адамның жүректерімен салыстырғанда өте ауыр. Әдетте жүректердің салмағы 300 грамм болады.