Венгрия, Қазақстан, рейс,

Маусым айында Қазақстан Венгриямен рейстерді қалпына келтіреді

Әсел Өмірсерік, Шымкент (H-News) - Венгрияның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петр Сиарто елдің осы жазда Қазақстанмен әуе қатынасын қалпына келтіретіндігін айтты, деп хабарлайды H-News informburo.kz-ке сілтеме жасап.

«Биылғы маусымда елдердің астаналары - Будапешт пен Нұр-Сұлтан арасында тікелей рейстер ашылады. Сонымен қатар, Будапешт - Нұр-Сұлтан - Пекин рейстері ашылады», - деді министр.

Петр ресми сапармен ҚР премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуде саяси-сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстан-венгр ынтымақтастығын, сондай-ақ түркі ынтымақтастық кеңесі аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту жолдарын талқылады. Өзара қызығушылық тудыратын халықаралық сипаттағы мәселелер, соның ішінде қазақстандықтар үшін ЕО визалық режимін жеңілдетуге байланысты мәселелер қаралды. Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында ынтымақтастықты дамытуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Талқылау