зейнетақы, жәрдемақы,

Маусымда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі

Маусым айында қазақстандық тұрғындардың зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артпақ. Сондай-ақ, осы айда олар сәуір және мамыр айларының қосымша төлемдерін алады.

“12 мамырда заң қабылданды, оған сәйкес 1 сәуірден бастап 2022 жылға арналған инфляциялық дәлізді қайта қарауды ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘҚҚ) ынтымақты зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері қосымша 4%-ға өсті. Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мен жәрдемақы да 4%-ға өсті”, – деп мәлімдеді "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ баспасөз қызметі.

ҚР заңына сәйкес, сәуірдің бірінен бастап:

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3180 теңге мөлшерін;

ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңгені;

ең төменгі күнкөріс деңгейі (ӨМ) – 37 389 теңгені;

базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңгені құрады.


Талқылау