студент, пандемия, дәрігер,

Медициналық мамандық студенттері ЖОО ғимаратына барып оқитын болды

Алдағы оқу жылында бакалавриатта педагогикалық, IT, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттар бойынша дәріс және семинар сабақтары қашықтан өткізіледі.

Техникалық, аграрлық және табиғи бағыттар, медицина және өнер мамандықтары бойынша дәрістер мен семинарлар (70%) онлайн форматта, ал зертханалық және практикалық сабақтар дәстүрлі режимде (30%) күшейтілген санитарлық шараларды қатаң сақтай отырып өткізіледі.

Магистратура мен докторантурадағы сабақтар аралас принциппен оқытылады.

Ал болашақ дәрігерлер оқитын интернатура мен резидентурада оқу штатты форматта яғни, ЖОО ғимаратында жүретін болады.


Талқылау