әлеуметтік төлем, мемлекеттік жәрдемақы,

Мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің мөлшері артты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің берген мәліметінше, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап әлеуметтік төлем 4%-ға өскен. Төлемдердің жиынтық мөлшері өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 9% - ға артты. 

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан(МӘСҚ) еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді 81,6 мың адам алады. Ал, мүгедектерге бюджеттен төленетін жәрдемақылардың орташа мөлшері 54 608 теңгені құрайды. Бұл ретте МӘСҚ төлемдері ескеріліп, азаматтарға 84 353 теңге беріледі.

Ал, әлеуметтік жәрдемақы асыраушысынан айырылған 54,2 мың адамға төленеді, онда МӘСҚ төлемдері қосылып, азаматтар барлығы 76 443 теңге алады.

Ведомство хабарлағандай, осылайша, жұмыс істейтін азаматтарға төленетін төлемдердің орташа мөлшері әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын алушыларға төленетін төлемдерге қарағанда шамамен 30 мың теңге жоғары болады.

Айта кетейік, МӘСҚ-нан жоғары мөлшердегі әлеуметтік төлемдер маусым айында аударылмақ.


Талқылау