мешіт, карантин, жамағат, намаз, шектеу,

Мешітте жамағатпен намаз оқуға рұқсат берілді

Бұл ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды.

Дегенмен, карантин жағдайына байланысты әзірге жұма намазы оқылмайды.

«Биыл 2 қарашадан бастап (жұма намазын қоспағанда) мешіттерде ұжымдық намаз (бес уақыт намаз) өткізуге рұқсат етілсін» деп көрсетілген комиссия шешімінде.

Залда 100 адамнан артық кісі болмауы керек. Әлеуметтік ара қашықтық 2 метр, маска режимі, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс.


Талқылау