Лионель Месси, алтын доп, футбол, шабуылшы, үздік футболшы,

Месси жетінші рет «Алтын доп» жүлдесін иеленді

Аргентина құрамасының және «Пари Сен-Жермен» клубының футболшысы Лионель Месси жылдың ең үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» жүлдесін жетінші рет жеңіп алды.

Парижде өткен салтанатты жиында «Үздік жас ойыншы» атағын «Барселона» командасының жартылай қорғаушысы Педро иеленді. Сондай-ақ дәл осы клуб футболшысы Алексия Путеляс «Жыл футболшысы» атанды. Ал «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски «Үздік шабуылшы» марапатына ие болса, ПСЖ сапында өнер көрсетіп жүрген Джанлуиджи Доннарумма «Үздік қақпашы» сыйлығын жеңіп алды.


Талқылау