балық, қазақстан, экспорт,

Министр: Балық экспорты көлемін арттыруды көздеп отырмыз

Экология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев балық шаруашылығында оқыған жастарды мамандық бойынша кем дегенде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеуді ұсынды. Министр сөзінше бұл салаға білікті мамандар жетіспейді.

Сонымен қатар балық сатылымындағы мәселелерді шешу үшін ІІМ, Білім және денсаулық сақтау, әскери қауіпсіздік бағытындағы ұйымдардың күнделікті мәзіріне балық рационын енгізу қажет екендігін айтты. Және балықтың кепілді көлемін тек отандық өндірушілерден сатып алуға міндеттеуді ұсынды.

Жас мамандарды тарту үшін әртүрлі әлеуметтік жеңілдіктер қарастырып, мемлекеттік субсидиялау алатын бизнес өкілдерін айлықты көтеруге міндеттеді.

Бұл мәселе көтерілуіне негізгі себеп балық шаруашылығы ақсаңдап тұрғаны мен бақылаудың болмауы.

Мәселен жыл басында Ертіс өзені мен Қызылорда аумағында балықтардың жаппай қырылу фактісі тіркелген еді. Белгісіз себептермен су жағасына шыққан өлі балық денелері күрт көбейіп, онан шыққан қолаңсық иіске шағымданған тұрғындардан кейін ғана тексеріс жұмыстары жүргізілген. Ол үшін осыдан 6 жыл бұрын жұмысын тоқтатып таратылған балық шаруашылығы комитеті қайта құрылып, негізгі себеп заводтардын қалдықтарды су айдындарына тастап келуі екені анықталды. Десек те олар тек айыппұлмен сытылған еді. Онан бөлек балық браконьерлері де тыйылмай тұрғаны себеп. Енді балықты заңсыз аулағандар 15 тәулікке дейін қамалуы мүмкін.

Осыған байланысты жыл басында Президент тапсырмасына сәйкес балық экспортын 300 мың тоннаға дейін көтеруге тапсырма берген еді.

Қазірге таңда еліміздегі 72 балық өндеу кәсіпорны, оның ішіндегі жоғары талаптарға сай келетін 17 кәсіпорын өнімдерін Еуропа елдеріне экспорттап жатыр. Бұл көрсеткішті келер жылы арттыру жоспарда бары айтылды.

Дінмұаммед Тансық 


Талқылау