мысық, ұры, днқ,

Мысықтардың жүні арқылы қылмыскерлерді анықтауға болады

Австралиялық ғалымдардың зерттеу жұмыстарының арқасында мысықтардың жүні арқылы қылмыскерлерді анықтауға болатыны анықталды. Эксперимент нәтижесінде, егер адам мысыққа жанасқан жағдайда 80% микроскопиялық ДНҚ іздері қалып қояды екен. Зерттеу барысына ғалымдар 20 мысықты тексерген. Нәтижесінде үйдегі барлық отбасы мүшелерінің ДНҚ-сы, тіпті көршілердің де іздері қалған.

Сондай ақ Forensic Science International журналында жарияланған мақалаға сәйкес ғалымдар тіпті 70% мысық жүніндегі іздерден генетикалық материалдардың нақты кімге тиесілі екенін анықтай алған. Егер мысық қылмыс болған үйде немесе орында болса онда әлбетте күдіктінің ізін өзінде қалдыруы мүмкін. Осылайша нағыз таптырмас куәгердің орнын мысық баса алады.

Әсел Абдикер


Талқылау