коронавирус, карантин, нұр-сұлтан, шектеу, қызыл аймақ,

Нұр-Сұлтан «қызыл» аймақта

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустық инфекция бойынша «қызыл» аймаққа енді.

Бейсенбіде ұсынылған аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтанда қатаң шектеу шаралары енгізілуі керек. Павлодар облысы ел астанасымен бірге «қызыл» аймақта қалады.

Алматы, сонымен қатар Атырау, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары қазіргі карантиндік шаралардың сақталуын және олардың сақталуына бақылауды күшейтуді көздейтін орта яғни, «сары» аймақта. Ал Солтүстік Қазақстан облысы «қызылдан» «сары» аймаққа көшті.

Еліміздің қалған аймақтары шектеулі шараларды жеңілдету мүмкіндігімен жағдай тұрақты деп бағаланатын «жасыл» аймақта.


Талқылау