электросамокат, жол жүру, қауіпсізік,

Неліктен қазіргі уақытта электросамокат даулы мәселеге айналып отыр?

Еліміздің ірі қалаларында кикшеринг электросамокаттарды жалға алу қызметі көптеп тарап жатыр. Сонымен қоса осындай жол жүру әдісі жылдам және жол жүргізуші куәлігін қажет етпейді. Яғни көлік жүргізушілерден артықшылығы кептелісте ұзақ күтіп әуре болмайсыз, діттеген жеріңізге тезірек жетуге ыңғайлы құрал. Қазіргі таңда елімізде электросамокат жалға берушілердің 3 кикшеринг компаниясы жұмыс жасайды. Олар: JET,Eleven,Ozim.

Алайда соңғы уақытта электросамокаттарға көптеген наразылықтар да туындап жатыр. Соңғы 6 айда Алматы қаласында электросамокат айдаушылар арасында 22 қақтығыс тіркелген. 1 адам қаза тауып қалғаны ауыр жарақат алған.

Айта кетсек еліміздің 3 мегаполисінде де электросамокатқа арнайы жол салынбаған сонымен қатар бұл құралды айдау үшін веложолдар мен автожолдар және жаяу жүргіншілер жолымен жүрсе де қауіп төндіреді.  Бірақ бұл мәселенің шешімі әлі де қарастырылған жоқ. 

Бас қаламыз Нұрсұлтан мен ірі қалаларымыздың бірі Шымкентте электросамокаттың “Jet” сервисі жұмыс жасайды. Астанамыз Нұр-сұлтан қаласында( 2500) электросамокат жұмыс жасайды минуты 30 тг. 

Шымкент қаласында (500) электросамокат минутына 20 тг. 

Жалпы “Jet” сервисінің қолданылу үлгісі: 

Алдымен ұялы телефоныңызға “Jet” программасын тарту және де программа баптауларын орындауыңыз керек. 

Жүктеген программаңызда кем дегенде 1000 тг болуы қажет және жалдаудың құнын төлейтін ақшаңыз болуы міндетт.Сонымен қатар самокат 100 кг адамды көтере алады. Электросамокаттың ең жоғарғы жылдамдығы 25км\сағ. 

Электросамокат жолы болмаса да қауіпсіздік үшін арнайы жол ережелері қарастырылған.  

* Электросамокатты тек 18 жастан асқан адамдар қолдана алады. 

* Мас күйінде құрылғыны қолдануға тыйым салынған. 

* Газ бен тежеу тетіктерін бір уақытта басуға болмайды.

* Адам көп шоғырланған жерде жоғарғы жылдамдықты баяулатыңыз.

Қорыта айтқанда, электросамокат төңірегінде талқыланатын мәселе баршылық. Бір анығы аталған құрылғына әлі де арзан, діттеген жеріңе тез жеткізетін және қауіпсіз деп айта алмаймыз.

Жанару Тұрсынбек 


Талқылау