полистирол, макулатура, пенопласт, азық-түлік, контейнер, ыдыс, ғылым, ғалым, ыдырау, экология,

Неміс ғалымдары пенопластқа балама ойлап тапты

Жансая Нурбекова, Алматы (H-news.kz) – Дрезден Техникалық Университетінің ғалымдары экологиялық зиянды кеңейтілген полистиролды макулатураға алмастыруды ұсынды. Олар қайта өңделген қағаздан биологиялық ыдырайтын оқшаулағыш материал жасап, оларға балама ойлап тапты.

Тамақ пен азық түлік тасымалдауға арналған изотермиялық контейнерлер және оған ұқсас ыдыстардың барлығы-оларға салынған өнімдердің бастапқы температурасын өзгертуіне мүмкіндік бермейтін материалдардан жасалған. Алайда пенопласттың құрамында болатын «полистирол» биологиялық ыдырамайды және олардан шыққан қалдықтар мыңдаған ұсақ бөлшектерге бөлінуі мүмкін. Сол себепті олар қоршаған ортаны қатты ластайды.

Дрезден Техникалық Университеті Табиғи материалдарды өңдеу технологиялық институтының ғалымдары қажетті нәтижеге жету үшін макулатураны арнайы кептірген. Бұл процесс талшық негізіндегі оқшаулағыш элементтердің пайда болуына әкелді.

Нәтижесінде, макулатурадан жасалған оқшаулағыш материалдың сапасы соншалық, оның құрамына кіретін ыдыстарды тіпті тамақ тасымалдауға да қолдануға, қайтадан өңдеуден өткізуге болады.


Талқылау