тариф, оқушылар, білім,

Оқушылар мен оқытушылар үшін 990 теңгеге тариф Қазақстанда пайда болады

Қазақстанда оқушылар мен оқытушылар үшін айына 990 теңге абоненттік төлемі бар «Білім» арнайы тарифі іске қосылады.

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнара Букееваның айтуынша, қолайлы тарифті елдің барлық ұялы байланыс операторлары бәріне бірдей жағдаймен енгізеді.

Оған Білім және ғылым министрлігі бекіткен отандық білім беру ресурстарына шексіз қол жетімділік кіреді. Қазіргі уақытта олардың саны 380-ді құрайды. Сонымен қатар, байланыс операторлары абоненттерге қосымша гигабайт интернет-трафикті ұсынады.

«Мұғалім» немесе «оқушы» байланысының шарттарын Білім және ғылым министрлігі анықтайды. Бұл мәселе әлі толық пысықталған жоқ, әзірлеу сатысында. Олар оқытушылар мен студенттердің тізімін операторларға беруі мүмкін», - дейді Гүлнара Букеева.

Еске сала кетейік, шілде айының ортасында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдарында 1 қыркүйектен бастап қашықтан оқытуға дайындықты бастады. Содан кейін қазақстандық оқушылардың бірінші тоқсанда онлайн режимде білім алатыны туралы хабарланған болатын.


Талқылау