фотосурет, сурет, байқау, қоқыс, піл,

Қоқыс полигонда азық іздеп жүрген пілдердің суреті жеңіске жетті

Шри-Ланкадағы қоқыс полигонында азық іздеп жүрген пілдердің қорқынышты суреті «Ұлыбритания Корольдігінің биологиялық қоғамы» фото байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды bbc.com.

Тилахан Тармапалан түсірген суретте пілдер Ампара округіндегі қорықтың жанында тамақ іздеп қоқыс полигонын кезіп жүр.

Жақында жергілікті билік қоқыс қалдықтарынан уланған пілдердің өліміне байланысты қорықтардың жанында қоқыс тастауға тыйым салған еді.

Байқау қазылары Тармапаланның жұмысын биылғы конкурстың тақырыбын барынша дәл бейнелегенін ескеріп, үздік деп таныды. Биылғы жылғы байқаудың тақырыбы: «Өзгеріп жатқан әлеміміз». Жеңіс оған шамамен 1300 доллар сыйлық әкелді.

«Жылдың жас фотографы» байқауының жеңімпазы Шри-Ланкадан келген 14 жастағы Ашвин Гиртан болды. Оның суретінде балықшылар қалдырып кеткен таяқшалардан өздерінің азығын іздеп тұрған суқұзғындар бейнеленген.


Талқылау