қоқыс, камера, айыппұл, қоршаған орта, экология,

Қоқыс тастаған көлік жүргізушілерін анықтайтын камералар пайда болды

Аида Ермекбаева, H-News, Шымкент - CCTV бейнебақылау камералары жақын арада жаңа мақсатты көздеп отыр, ол - қоғамдық жерге қоқыс тастайтындарды бақылау. Бұл жайлы BBC-дің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тілшісі хабарлайды.

Енді жасанды интеллект (AI) компьютерлік бағдарламалары көлік жүргізушілерінің қоқыс тастап жатқан бейнелерін көліктің нөмеріне сәйкестендіріп, сол мезетте автоматты түрде 90 фунт (шамамен 53 534 теңге) айыппұл салатын болады. Жаңа The "LitterCam" технологиясы жасанды интеллект көмегімен жүргізушілердің кері әрекеттерін, тіпті темекі қалдықтарымен қоқсыту әрекеттерін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Бұл жаңа жүйенің алғашқы сынағы. Алдымен апта ішінде Мэйдстоунда кейінірек басқа да жерлерде қолданыла бастайды. Қоқыс жинаушылардың айтуынша, қаланың қоқыспен ластануы пандемия басталғалы 250%-ке көбейген екен. 

"Біз бұл қалдықтарды барлық  көшелерде кездестіреміз және кім ластағанын білмейміз. Бірақ "litter" камералары көшедегі қоқыс пен оны тастаған адам арасындағы байланысты орната алады. Егер бұрыс әрекет жасамаса, уайымдаудың қажеті жоқ..,"- дейді Джереми Паксман, Ұлыбританияны тазарту, ұлттық қоқыс стратегиясы бойынша консультативтік топтың мүшесі.


Талқылау

Ұсыныстар
Жасанды интеллект Ұлыбритания өзендерінде анықталмай келген қалдықтарды тіркеді
15наурыз

Жасанды интеллект Ұлыбритания өзендерінде анықталмай келген қалдықтарды тіркеді

Зерттеушілердің айтуынша, жасанды интеллект көмегімен Ұлыбритания өзендеріне ағатын ластанған сулардың бұрын тіркелмеген жүздеген шығарындылары анықталды, деп хабарлайды BBC.

15:35
Орманға қалай көмектесуге болады?
26наурыз

Орманға қалай көмектесуге болады?

Әсел Өмірсерік, Шымкент, (H-News) - Өткен аптада БҰҰ бекіткен Халықаралық орман күні аталып өтті. Дәлірек айтсақ, 2012 жылдан бастап 21-ші наурыз күні орманның маңыздылығын түсіндіру күніне айналған. Бүгін дәл сіз бен біздің өмірімізге ормандардың қандай әсері барын, әрі, сол байлығымыздан айырылып қалмас үшін жеке азамат ретінде біз не істей алатындығымыз туралы сөз қозғаймыз.

17:34
Пасха уақытында Ұлыбританияның электр жүйесі «ең жасыл» деңгейге жетті
10сәуір

Пасха уақытында Ұлыбританияның электр жүйесі «ең жасыл» деңгейге жетті

Әсел Өмірсерік, Шымкент (H-News) - Ұлыбританияның электр жүйесі Пасха мерекесінде түскі уақытта "ең жасыл" деңгейде болды, деп хабарлайды H-News BBC жаңалықтарына сілтеме жасап.

12:04