олимпиада, токио, коронавирус,

Олимпиада ойындары коронавирус жағдайына қарамастан өткізіледі

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) вице-президенті Джон Коутс келесі жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындары коронавирусқа байланысты жағдайға қарамастан өтетіндігін айтты.

«Ойындар COVID-19-ға қарамастан өтеді. Олар келесі жылдың 23 шілдесінде басталады», - деді Кутс телефон арқылы сұхбат барысында.

Ол сондай-ақ, осы Олимпиада ойындарының бастапқы тақырыбы «жойқын цунамиден кейінгі қайта құру» екенін атап өтіп, 2011 жылы Жапонияда болған апатты жер сілкінісі мен цунамиге сілтеме жасады. Алайда, ғаламдық пандемияға байланысты тақырып өзгертілді.

«Енді коронавирусты жеңетін ойындар болады. Бұл туннельдің соңындағы жарық», - деп сөзін аяқтады вице-президент.

Естеріңізге сала кетейік, жазғы Олимпиада ойындары Токиода 2020 жылдың 24 шілдесінен 9 тамызына дейін өтуі керек еді. Алайда коронавирустың бүкіл әлемге таралуына байланысты ойындарды кейінге қалдыруға тура келді. 

2021 жылы болуы мүмкін түрлі сценарийлер бойынша іс-шаралар жоспарын дайындайтын сарапшылардың жедел тобы құрылды деп хабарланды. 

Еске салайық, сауалнамаға сәйкес жапондардың көпшілігі ойындарды кейінге қалдыруды немесе тоқтатуды қолдайды. 

Бұған дейін ХОК басшысы Томас Бах Олимпиада ойындарын 2021 жылы өткізе алмайтын болса, оны тоқтатуға тура келетінін айтқан болатын, бірақ ол ойындарды көрерменсіз өткізгісі келмейтінін атап өтті.

 


Талқылау

Ұсыныстар
Жапонияда КВИ-мен ауыратын адамға тірі донордан әлемдегі алғашқы өкпе трансплантациясы жасалды
10сәуір

Жапонияда КВИ-мен ауыратын адамға тірі донордан әлемдегі алғашқы өкпе трансплантациясы жасалды

Әсел Өмірсерік, Шымкент (H-News) - Киото Университеті ауруханасының мамандары тірі донордан жаңа коронавирустың салдарынан туындаған ауыр пневмониямен ауыратын науқасқа өкпе трансплантациясын сәтті жасады. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

12:21
Меккедегі қажылық: шекара тек коронавирустан вакцина алғандарға ғана ашық
13сәуір

Меккедегі қажылық: шекара тек коронавирустан вакцина алғандарға ғана ашық

12:29