қолма-қол ақша, ақша, электронды ақша, терминал, теңге,

Қолма-қол ақша азайып келеді

Соңғы уақытта халық телефон немесе карта арқылы төлем жасайтын болған. Қолма қол ақшадан қарағанда электронды түрде болғаны өте ыңғайлы. Швеция әлемдегі ақша айналымынан шыққан тұңғыш ел атануы бек мүмкін.

Қазақстанда да банкоматтар санының өсуі тоқтады. Нақтырақ айтсақ, банктер қолма-қол ақша беру функциясы бар банкоматтар санын азайтты. Бүгінде құрылғылар саны 12 мың-ға жуық. POS-терминалдар арқылы 1,7 трлн теңге қолма-қол ақшаға айналды. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 6,4%- ға аз. Келтірілген деректерге сенсек, төлем карталардан қолма қол ақшаның алынуы Алматыда көп байқалған. Яғни, 3,8 трлн теңге. Ең кіші көрсеткіш Қарағанды мен Ұлытау облыстарында орын алған. Нақтырақ айтсақ 1,2 трлн теңге. Айта кететін жайт қолма қол ақшаны шешіп алу бойынша бір транзакцияның ең орташа чегі Астана мен Алматыда тіркелді. Ал ең төмен көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында байқалып отыр.

Әсел Абдикер


Талқылау