орман, экология, табиғат, орман күні,

Орманға қалай көмектесуге болады?

Әсел Өмірсерік, Шымкент, (H-News) - Өткен аптада БҰҰ бекіткен Халықаралық орман күні аталып өтті. Дәлірек айтсақ, 2012 жылдан бастап 21-ші наурыз күні орманның маңыздылығын түсіндіру күніне айналған. Бүгін дәл сіз бен біздің өмірімізге ормандардың қандай әсері барын, әрі, сол байлығымыздан айырылып қалмас үшін жеке азамат ретінде біз не істей алатындығымыз туралы сөз қозғаймыз.

Қарапайым тілмен айтқанда, орман – жердің өкпесі, фильтрі, ғаламдық жылуыды тоқтатушы. Осы мақаланы оқып отырып қанша рет тыныс қалған болсаңыз да, соның әрбірі ормандардың көміртегіні сорып, оттегіні бөлуінің арқасында. Ормандар адамдардың психологиялық денсаулығына ғана емес, сонымен қатар, физикалық денсаулығына тікелей әсер етеді. Дамыған елдерде 25%, дамушы елдерде 80% дәрі-дәрмек өсімдіктерден алынады. Адамзат  жыл сайын Оңтүстік Корея көлеміндегі ормандардан айрылады. Әр жылы біздің планета 10 миллион гектар орманды жоғалтады, бұл шамамен бүкіл Корея Республикасының аумағына тең. Егерде осы қалыппен ормандарды қалпына келтірместен қолдана берсек, жуырда адамзатқа дәрі-дәрмек алар өсімдіктер, орманда өмір сүретін 80 % жер беті биотүрліліктеріне тапшы болмақ. Бірақ біз бұл жағымсыз тенденцияны орманды тұрақты басқару және экожүйені қалпына келтіру арқылы тоқтата аламыз. Тіпті, ормандар бізді болашақ пандемиядан қорғай алады. Қазіргі кезде барлық жұқпалы аурулардың 60 % және жаңадан пайда болған жұқпалы аурулардың 75 % зоонозды болып табылады. Бұл аурулар патогендердің жануарлардан адамға таралуынан пайда болады және әдетте орман сияқты табиғи ландшафттар бұзылғандықтан пайда болады. Ағаш отырғызу және ормандарды қалпына келтіру арқылы біз планетаны, адамзатты құтқаруға үлес қосамыз. Ал ағаш отырғызу мезігілі сіздің аймағыңызда әлі басталмаған болса, сіз келесі қадамдарды жасау арқылы ормандарға көмектесе аласыз:

1) сенімді экологиялық фондқа қаржы аудару арқылы

2) орман немесе өсімдіктер туралы қызықты кітап алып, балаларға оқып беру арқылы

3) табиғи рекрациялық жерде сенбілік ұйымдастырып

4) я болмаса, экологиялық тақырыпта фильм көру арқылы. Біздің қоршаған орта туралы фильмдер топтамамыз сіздің таңдау жасауыңызға көмектесе алады.


Талқылау

Ұсыныстар
Азық-түлік түбіртегінен өнімнің климатқа әсерін бақылайтын цифрлық құралдар пайда болды
10сәуір

Азық-түлік түбіртегінен өнімнің климатқа әсерін бақылайтын цифрлық құралдар пайда болды

Әсел Өмірсерік, Шымкент (H-News) - Азық-түлік өндірісі мен оның таралуы бүкіл парниктік газдар шығарындыларының шамамен үштен бірін құрайды. Бірақ тұтынушуға тамақтанатын заттарының климатқа әсерін өлшеу қиын.

12:33
Пасха уақытында Ұлыбританияның электр жүйесі «ең жасыл» деңгейге жетті
10сәуір

Пасха уақытында Ұлыбританияның электр жүйесі «ең жасыл» деңгейге жетті

Әсел Өмірсерік, Шымкент (H-News) - Ұлыбританияның электр жүйесі Пасха мерекесінде түскі уақытта "ең жасыл" деңгейде болды, деп хабарлайды H-News BBC жаңалықтарына сілтеме жасап.

12:04
Жасанды интеллект Ұлыбритания өзендерінде анықталмай келген қалдықтарды тіркеді
15наурыз

Жасанды интеллект Ұлыбритания өзендерінде анықталмай келген қалдықтарды тіркеді

Зерттеушілердің айтуынша, жасанды интеллект көмегімен Ұлыбритания өзендеріне ағатын ластанған сулардың бұрын тіркелмеген жүздеген шығарындылары анықталды, деп хабарлайды BBC.

15:35