Филиппин, теңіз, рифтер, бетперде, пандемия, экология,

Пандемия басталғалы Филиппин рифтері бетперделерге толды

Аида Ермекбаева, Шымкент, (H-News) - Жеке қорғаныс бетперделері Филиппин астанасы Манилаға жақын маржан рифтерін ластауда. Азия Даму Банкінің бағалауы бойынша, коронавирус пандемиясы басталғалы қала күніне 280 тонна қосымша медициналық қалдықтарды шығарған.

Бетперделерде болатын пластиктің ыдырауы нәтижесінде теңіз жабайы табиғаты оларды амалсыздан тұтынуда, деп ескертеді экологтар. Олар Филиппин үкіметін медициналық қалдықтармен жұмыс істеуді жақсартуға, теңіздердің одан әрі ластануына жол бермеуге шақырады.   

Жалпы Филиппиннің Батангас қаласындағы Анилао аймағы теңіз табиғатына бай. Маржан рифтері түрлі түсті болып келеді. Алайда пандемия салдарынан жағдай күрт нашарлаған. "Біз локдаун режимінен кейін Кабан-Ковқа (Caban Cove) сүңгіп, бақылау жүргіздік. Су асты бетперделерге нық толған. Суға түсу барысында небәрі 10 минут ішінде шамамен 10-12 бетперделерді көрдік, ал бұл - бұрын бұрын соңды мұндай лас болмаған. Бұдан бөлек біз ұзақ уақыт жатқан бетперделерде балдырлар сынды тіршілік иелерін кездестірдік. Жағдайдың бұлай болғанын қаламаймыз,"- дейді Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған ортаны қорғау бағдарламасына кіретін «Анилао сүңгуірлер орталығы» тобының кәсіби сүңгуірлері, Шала мен Оливер, BBC тілшісіне берген сұхбатында. 

"Биоалуантүрлілігімен ерекшеленетін Анилаоға туристер әлемнің түкпір-түкпірінен келеді. Бірақ біз бетпердеге толған сүңгу аймақтарын көрсетуді немесе қалдықтарының біз тұтынатын балықтарда кездесуін қаламас едік. Неге бір рет қолданылатын бетпердені жуылатын, қайта пайдалануға болатын бетпердеге алмастырмасқа?"- деп Оливер өз пікірін білдірді. Сонымен теңіз табиғатын сақтап қалу қоғамның саналы түрде іс-әрекет етуімен ғана жүзеге асады, деп үміттенеді топ мүшелері.


Талқылау

Ұсыныстар
Азық-түлік түбіртегінен өнімнің климатқа әсерін бақылайтын цифрлық құралдар пайда болды
10сәуір

Азық-түлік түбіртегінен өнімнің климатқа әсерін бақылайтын цифрлық құралдар пайда болды

Әсел Өмірсерік, Шымкент (H-News) - Азық-түлік өндірісі мен оның таралуы бүкіл парниктік газдар шығарындыларының шамамен үштен бірін құрайды. Бірақ тұтынушуға тамақтанатын заттарының климатқа әсерін өлшеу қиын.

12:33
Жасанды интеллект Ұлыбритания өзендерінде анықталмай келген қалдықтарды тіркеді
15наурыз

Жасанды интеллект Ұлыбритания өзендерінде анықталмай келген қалдықтарды тіркеді

Зерттеушілердің айтуынша, жасанды интеллект көмегімен Ұлыбритания өзендеріне ағатын ластанған сулардың бұрын тіркелмеген жүздеген шығарындылары анықталды, деп хабарлайды BBC.

15:35
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
5сәуір

ҰБТ электронды форматта өтетін болды

Ермекбаева Аида, Шымкент (H-News) - Биыл электрондық тестілеу арнайы компьютерлік бағдарламалар және БАҚ құралдарының көмегімен әділ және қауіпсіз түрде өткізіледі. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев онлайн баспасөз конференциясында хабарлады.

15:03