пандемия, коронавирус, вирус, сәби, германия,

Пандемия кезінде туылған балалар азырақ өмір сүруі мүмкін

Неміс ғалымдары 2021 жылы Германияда дүниеге келген сәбилердің өмір сүру ұзақтығы қысқарады деп болжап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

COVID-19 пандемиясы кезіндегі өлім-жітімнің жоғары болуына байланысты 2021 жылы Германияда туылған балалардың өмір сүру ұзақтығы айтарлықтай қысқарған. Мәселен, осы уақытта дүниеге келген қыз бала орта есеппен 83,2 жасқа дейін өмір сүре алады, яғни індеттің алдындағы кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,4 жылға азайған. 2021 жылы туылған ұл бала орташа есеппен 78,2 жасқа дейін өмір сүре алады, бұл пандемияға дейінгіден 0,6 жылға аз.

COVID-19 пандемиясының екінші толқынынан қатты зардап шеккен Германияның шығыс бөлігінде өмір сүру ұзақтығының төмендеуі ерекше байқалды. Пандемияға дейінгі 2019 жылдан 2021 жылға дейін ондағы ұлдардың өмір сүру ұзақтығы 1,3 жылға, қыздардың өмір сүру ұзақтығы 0,9 жылға қысқарды.

Осылайша, Германияның Шығыс бөлігіндегі ұлдар үшін күтілетін өмір сүру ұзақтығы 76,4 жасты және шығыс аймағындағы неміс қыздары үшін 82,7 жасты құрайды. Германияның батысында, керісінше, ұл балалардың өмір сүру ұзақтығы небәрі 0,4 жылға қысқарып, 78,6 жасты құрады, бұл шығысқа қарағанда екі жылға көп. Батыс неміс қыздары үшін ол 0,3 жылға азайып, орта есеппен 83,3 жасты құрайды.


Талқылау